Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде келесіні хабарлайды. Ауылдық елді мекендердегі халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін ескере отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарға цифрлық қолдауды күшейту мақсатында цифрлық сауаттылық бойынша оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараларды іске асыру ауыл тұрғындарының цифрлық дағдылар деңгейін арттыруға, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде кездесетін кедергілерді азайтуға және тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы алуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты Көкпекті ауданында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру оқу іс шаралары әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін (2сағат) Көкпекті ауылындағы «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК-де өтеді. Оқыту «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалының Көкпекті аудандық бөлімі қызметкерлерімен жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1194067?lang=kk

Жауап қалдыру