«О, туған жер!» көркемсөз оқу байқауы өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының білім басқармасы мен «ASSYLTAS» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған «Ауылым – асыл бесігім» атты мәдени күндер аясында өткен Абай облыстық «О, туған жер!» көркемсөз оқу байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау барысында қатысушылар Семей өңірі ақындарының жауһар жырларын жатқа оқыды. Бұл шара жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, көркем сөз арқылы туған жерге деген құрметін танытқан тағылымы мол рухани іс-шара болды. Қатысушылар әрбір сөзге жан бітіріп, жүрек түкпіріндегі сезімдерін көрерменге шынайы жеткізе білді.

Сахна төрінде оқылған әрбір шығарма елге деген махаббаттың, тілге деген құрметтің айқын көрінісіне айналды. Жас дарындар өз өнерлерімен ерекшеленіп, көркемсөздің құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушы «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бағалы сыйлықтарымен, сондай-ақ Абай облысының білім басқармасының дипломдары мен сертификаттарымен марапатталды.

«Дарындылық пен қосымша білім берудің облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Жадыра Ныязбековна байқауды ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Абай ауданынан келген 1-дәрежелі диплом иегерлерін өз қолымен марапаттады.

Жеңімпаздар:
🥇 1-дәрежелі диплом – Абай ауданы, Қарауыл ауылы, «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ-нің 7-сынып оқушысы Әлібек Айару (телевизор)
🥈 2-дәрежелі диплом – Абай ауданы «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушысы Ғабитқызы Айзере (медаль, велосипед)
🥉 3-дәрежелі диплом – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушысы Сүйеуғазы Айнель (медаль, планшет)

Ынталандыру сыйлығы (смарт сағат) – Тоғас батыр атындағы орта мектебінің оқушылары Телмұханбет Аяла мен Аманқызы Еркеназға табысталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ана тіліміздің мәртебесін асқақтата берейік! 🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1194069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді