
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, еліміздің барлық орман шаруашылықтарында өрттерді ерте анықтау жүйелеріне тексеру жұмыстарын бастады.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – өрт қаупі бар кезеңге дайындық деңгейін бағалау және орман аумақтарын мониторингтеу тиімділігін арттыру.
Тексеру іс-шаралары Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында басталды.
Тексеру барысында жабдықтардың техникалық жай-күйі, бейнесигналдың берілу тұрақтылығы бағаланды. Нәтижесінде қызмет көрсетуші ұйымға өрт белгілерін жедел анықтауды жақсарту бойынша ұсынымдар жолданды.
Айта кету керек, жүйе Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығымен біріктірілген, бұл нақты уақыт режимінде жағдайды көзбен бақылауға және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Іс-шаралар жалғасып, Алматы қаласының, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Абай облысының орман шаруашылықтарын қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1194071?lang=kk

Жауап қалдыру