
Өмірде әртүрлі жағдайлар кездесіп жатады.Оқыс оқиғалар мен қандайда бір дерт салдарынан қиындыққа ұшыраған адамдарға донорлардың көмегі ауадай қажет.
📌07.04.2026 күні аудандық орталық ауруханамызға Жамбыл облыстық қан орталығы мамандары келіп «Донор күні» акциясы ұйымдастырылады.
Аудан азаматтары өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсете отырып, донорлар қатарын толықтыруға мүмкіндігі бар.
Қан тапсырудың адам ағзасына пайдасы
🩸 Қан жаңарады – қан тапсырғаннан кейін ағза жаңа қан жасушаларын белсенді түрде өндіреді.
Жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы – қан қоюлануы азайып, қан айналымы жақсарады.
Темір деңгейін реттейді – артық темірдің жиналуын азайтып, бауырға түсетін жүктемені төмендетеді.
Иммунитетті ынталандырады – ағза жаңару процесі іске қосылады.
✨Азаматтықтың биік үлгісін көрсетіп, мұқтаж жандар үшін қан донорлығын дамытуға үлес қосқан донорларымызға алдын ала алғысымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1194820?lang=kk

Жауап қалдыру