
2026 жылғы 3 сәуірде Семей қаласында қалалық мәслихаттың өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді.
Көшпелі отырысқа Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссия мүшелері, мәслихат аппаратының басшысы, қала әкімі аппаратының бас инспекторы, Семей қаласының құрылыс бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ өтініш иесі Айнұр Ербаева қатысты.
Көшпелі отырыс барысында комиссия мүшелері азамат А. Б. Ербаеваның өрт салдарынан зардап шеккен тұрғын үйінің жағдайымен орынға шығып танысып, оның техникалық жай-күйіне бағалау жүргізді.
Қарау нәтижесінде, ұсынылған құжаттар мен мән-жайларды ескере отырып, тұрғын үйді апаттық деп тану туралы сараптама жүргізгеннен кейін А. Б. Ербаеваға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру жөнінде ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар, тұрғын үйді апаттық деп тану бойынша сараптама жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мәселесінде Семей қаласы мәслихаты депутаттары тарапынан ақысыз негізде көмек көрсетілетін болды.
Аталған мәселе тұрақты комиссияның бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1194871?lang=kk

Жауап қалдыру