
Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бекітілген ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралардың 3-айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың 8 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы 783 937 екпе жасалды.
Анықтама: құтыруға қарсы жануарлардың барлық түрлері-393 бас; сібір жарасына қарсы жануарлардың барлық түрлері- 140 588 бас; аусыл ауруына қарсы жануарлардың барлық түрлері-468 489 бас; қарасанға қарсы-22 058 бас ІҚМ, нодулярлы дерматитке қарсы-9 086 бас ІҚМ, жоғары патогенді құс тұмауына қарсы-139 258 бас, туберкулезге аллергиялық зерттеу-3 800 бас ІҚМ.
Сондай-ақ, 80,4 мың ІҚМ және 106,0 мың ҰММ бруцеллезге диагностикалық тұрғыда зерттелді.
Жоспарлы іс-шаралар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-veterinaria/press/news/details/1194487?lang=kk

Жауап қалдыру