Абай облысында Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында бірнеше өзекті мәселе көтерілді. Алғашқы мәселе- жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы үкіметтік ұйымдардың жұмысы. Абай облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мейірбек Нұрекеновтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында жалғасып келеді.

Бүгінде Абай облысында волонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып, өңірде жастардың негізгі үлесімен 43 волонтерлік ұйым мен бастамашыл топ жұмыс істейді, ал жалпы волонтерлер саны 5744 жасты құрайды. Барлығының жұмысын үйлестіруші «Абай жастары» облыстық волонтерлер фронт-офисі. Бұл – жастарымыздың әлеуметтік жауапкершілігі мен белсенді ұстанымының көрсеткіші.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1194537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді