Атбасар ауданы прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, 60 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы жұмыс аясында Атбасар ауданы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерін орындаған 27 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, оларға тиесілі ақшалай қаражаттар қайтарылды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлер өз міндеттемелерін тиісінше орындағаннан кейін дереу қайтарылуға жатады.

Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі шарттық міндеттемелердің уақытылы орындалуына қарамастан, үш жылдан астам уақыт бойы орындалған шарттар бойынша кепілдік сомаларды қайтармаған. Олардың жалпы сомасы 60 млн теңгеден асты.

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1194620?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді