Бағытынан адасқан балықшы табылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу аумағында, Сарқан ауданы территориясында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы туған ер адам табылды.

Оқиға Аягөз өзенінде, Лепсі ауылынан шамамен 100 шақырым жерде болған. 3 сәуір күні азамат достарымен бірге балық аулауға шығып, түнгі уақытта бағытынан жаңылып, адасып кеткен.

Іздестіру барысында оның басқа балықшылардан алыс емес жерде болғаны анықталды. Ал оның екі досы өз бетімен үйлеріне қайтып келген.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.

Азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1194639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді