Бішкекте күрес түрлерінен  Азия чемпионаты басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Жарысты грек-рим күресінің балуандары бастады.
Бүгін 57, 63, 77, 87, 130 келіге дейнгі салмақтың өкілдері күш сынасуда.

Қазақ палуандарының арасынан Сайфулла Құрман 1/8 финалда үндістандық Санни Кумарды 6:2 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Өкінішке қарай Қаһарман Қисметов (77 кг) әлемдік күрестің жұлдызы, жергілікті Ақжол Махмұдовқа есе жіберсе, Нұрзат Қабдырахимов (55 кг) ирандық қарсыласынан жеңілді. Бүгін кілемге Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) пен Джохар Узаров (130 кг) та шығады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1194815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді