ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде барлық салалар бойынша атқарылған жұмыстарды саралау және алдағы міндеттерді айқындау мақсатында басқарма басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырыстары бастау алды. Алдымен Казталов аудандық ауруханасы және №2 Казталов аудандық ауруханасында кеңейтілген алқа отырысы өтті.
 
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмас Жүнісбеков, облыстық онкологиялық диспансердің өкілі Зейл Мағзомов, сондай-ақ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айнаш Ғұбайдуллина қатысты.
 
Жиын барысында аудандық аурухана басшылары есепті кезеңде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және аурудың алдын алу шараларын күшейту бағытындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.
 
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды. Көтерілген мәселелерге байланысты тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған нақты жұмыс бағыттары белгіленді.
 
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1194690?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді