
Қазіргі әлем жағдайында экологиялық тұрақтылық пен қоршаған ортаның тазалығы қоғам өмірінің маңызды аспектілеріне айналуда. Осыған байланысты депутаттар мен облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын белсенді қолдайды.
Депутаттар осы бастаманы іске асыруға белсенді қатысып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздің табиғи мұрасын сақтауға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, үлгі болуға қызмет етеді. Осы акция аясында облыста ауқымды сенбіліктер өткізіледі, оған депутаттар ғана емес, еңбек ұжымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ аға буын мен еріктілер де белсенді қатысады. Олардың барлығы көшелерді, аулаларды, саябақтар мен скверлерді тазалауға шығып, өз елді мекендерінің жағдайын жақсарту мақсатында бірігеді. Бұл ұжымдық жұмыс тазалықты сақтауға ықпал етіп қана қоймай, азаматтар арасында бірлік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Біздің алдымызда көп жұмыс бар және бірлескен күш-жігерімізбен біздің қаламызға және жалпы өңірге оң әсер ететін елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1194667?lang=kk

Жауап қалдыру