
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында этномәдени бірлестіктер экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Еліміздің әр өңірінде 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Акция қорытындысы бойынша шамамен 31,5 тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, 2 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Волонтерлер Достық үйлерінің аумағын, этноауылдарды, сондай-ақ киелі және тарихи-мәдени орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлді.
Мұндай бастамалар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, өзара көмек пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1194832?lang=kk

Жауап қалдыру