
Темір ауданының Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтерінің тұрғындарының назарына!
2026 жылғы 8 сәуір күні, сағат 11:00–13:00 аралығында Кеңқияқ ауылдық округі, Парковая көшесі 9Б (Мәдениет үйі) мекенжайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараны Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.
Жәрмеңке аясында:
– Ірі өндірістік компаниялар, кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелер өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады;
– Мемлекеттік қайтарымсыз грант иегерлері өз өнімдерін таныстырады.
Жұмыс іздеп жүрсіз бе?
Жаңа мүмкіндіктерді қарастырғыңыз келе ме?
Олай болса, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1194576?lang=kk

Жауап қалдыру