
2026 жылғы 6 сәуірде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету ұйымдастырылды.
Қатысушыларға келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:
* Қазақстан Республикасының азаматтығын алу;
* қандастарды өңірлік квотаға енгізу;
* тұрғын үй сатып алу;
* қандастарды жұмысқа орналастыру.
Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1194747?lang=kk

Жауап қалдыру