
Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс қырық бірінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылдың 9 сәуірінде сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қалалық мәслихатының 2025жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентауқалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы №222 “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kentau/press/news/details/1194479?lang=kk

Жауап қалдыру