
Қызылорда облысында AMANAT партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, сондай-ақ Жастар рухы жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат беріліп, кәсіпкерлік қызметке қатысты нормалар талқыланды.
Делегация «Қызылорда нан» серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешеніне барды. Өндіріс орнының аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 120 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорындағы өндіріс толық автоматтандырылған.
Мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға 5 гектар жер учаскесі беріліп, 70 млн теңгеге инженерлік инфрақұрылым тартылған. Сонымен қатар, Қазақстан Халық банкі арқылы алынған 1,2 млрд теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиенің пайыздық мөлшерлемесін Даму қоры субсидиялаған.
Кәсіпорынның нан-тоқаш цехы жылына 2 520 тонна өнім өндіріп, қала тұрғындарының қажеттілігінің шамамен 20 пайызын қамтамасыз етеді. Кондитерлік цехта жылына 1 мың тоннадан астам өнім шығарылып, сұраныстың 15 пайызы өтеледі. Макарон цехының қуаттылығы жылына 1 152 тонна болса, бұл қажеттіліктің 12 пайызына тең. Ал печенье цехында жылына 2 500 тонна өнім өндіріліп, халық сұранысының төрттен бірі қамтылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194281?lang=kk

Жауап қалдыру