Малайзияда қазақ тілін дамытуға жаңа серпін берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Куала-Лумпур, 2026 жылғы 3 сәуір

Қазақстанның  Малайзиядағы Елшілігінде академик, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Оразбаева бастаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында шетелде қазақ тілін оқытуын дамыту, сондай-ақ Елшілік жанынан ұйымдастырылатын қазақ тілі курстарын қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Елшілік Малайзиядағы қазақстандық диаспора арасында қазақ тілін үйренуге және мәдениет пен тілдің бірегейлігін сақтауға деген жоғары сұраныс пен тұрақты қызығушылықтың бар екенін атап өтті.

Университет өкілдері аталған бастаманы қолдауға дайын екендерін білдіріп, Малайзиядағы отандастар үшін оқу және әдістемелік материалдар жолдау мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1194505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді