Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Шалқар ауданына жұмыс сапары аясында №№2 мектеп- гимназиясының қызметімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл білім ордасы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр. Келген кезде басқарма басшысы мектеп мұражайын аралап, оқу орнының тарихымен танысты, сондай-ақ инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетін қарап, балалардың оқуы мен дамуы үшін жасалған жағдайларды жоғары бағалады.

Іс-шара барысында түлектердің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Бұл шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.

Кездесудің соңында білім басқармасының басшысы түлектерге емтихандарын сәтті тапсыруды және білім саласындағы одан әрі жетістіктерге жетуді тіледі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1194118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді