Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиында облыста жүзеге асырылып жатқан және алдағы жылдарға жоспарланған ірі инвестициялық жобалар туралы ақпарат берілді.
Биыл өңірге 789,2 млрд теңге инвестиция тарту межесі бекітілді. 2 айдың қорытындысымен 96,5 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылға қарағанда өсім 8 пайызды құрады.
2026–2029 жылдар аралығында өңірде жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Бұл жобалар 10,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ал 2026 жылы шамамен 100 млрд теңгеге жуық 21 жобаны іске қосу көзделген. Атап айтқанда:
– қуаттылығы 3,5 мың тонналық құс фабрикасы (5,2 млрд теңге)
– 5,2 мың тонналық тауарлы сүт фермасы (7,5 млрд теңге)
– «Pana» қонақ үйі (3,5 млрд теңге)
– гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндіру жобасы
– жалпы қуаттылығы 50 мегаватт болатын 2 күн электр станциясы (12,2 млрд теңге)
Отырыс аясында кәсіпкерлердің нақты мәселелері қаралып, жер телімдерін рәсімдеу және инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында инвестициялық штабтың өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастырудағы, жедел әрі тиімді шешімдер қабылдаудағы маңызы атап өтілді.
Мемлекеттік органдар тарапынан барлық инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсету жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді