ОТЫРАРДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында шағын өндірістік парктер жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аталған жобаның барысымен арнайы танысып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды зерделеді.
Жоба жалпы аумағы 1 гектар жерді қамтиды. Қазіргі таңда бес бірдей жоба қолға алынып, олардың жалпы инвестициялық құны 335,0 миллион теңгені құрап отыр. Бұл бастама аудан экономикасын дамытуға тың серпін беріп, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар, жоба аясында инвесторлар есебінен қосымша 21 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізеді.
Аудан басшысы кәсіпкерлермен кездесіп, жобаларды уақытылы әрі сапалы іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, инвестициялық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Шағын өндірістік парктерді дамыту – өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1195019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді