
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Ғалымжан Оспанұлы Спабеков тағайындалды. Бұған дейін ол облыс әкім аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте хабарлады.
Ғалымжан Спабеков — мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік қызметте 25 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Ол Теміртау қаласында ұйымдастыру жұмыстары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімдерін басқарудан бастап, қала әкімінің орынбасары лауазымына дейінгі еңбек жолынан өткен.
2023 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1194129?lang=kk

Жауап қалдыру