Қасым Қайсенов кентінде мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен сауда нысандарының санитарлық жағдайын бағалау мақсатында тексеру жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасым Қайсенов кентінде мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен сауда нысандарының санитарлық жағдайын бағалау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында кемшіліктер анықталып, оларды қысқа мерзімде жою бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Кентті абаттандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Барлық ауылдық округтерде аумақтарды абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында сенбіліктер өткізілуде. Азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы атап өтілді.

Тұрғындарды аталған іс-шараларды қолдауға және абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Бірлескен күш-жігер арқылы тазалық, тәртіп және қолайлы өмір сүру ортасы қамтамасыз етіледі.

Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып табылады және тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1194843?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді