Құқық қорғау орталығында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта (АҚҰО) «Тәжірибе мен білім сабақтастығы: құқық қорғаушылардың жастарға арналған сабақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара АҚҰО мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп ұйымдастыруымен онлайн форматта өтіп, оған Қазақстанда және шетелде жүрген «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде АҚҰО басшысы Динара Таженова адам құқықтары мен бостандықтары туралы іргелі білім алудың, сондай-ақ практикалық тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер ретінде Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарында LL.M. және MBA бағдарламалары бойынша білім алған «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері сөз сөйледі.

Өз баяндамаларында олар тәжірибелерімен, кәсіби қызметімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1194886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді