Қытайлық блогер Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.
🔰Жоғары мемлекеттік награданы оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстаған. Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр.
🔰Қытайдан келген танымал блогер Tao Tao Түркістанда өткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне қатысып, қазақ халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысқан болатын.
🔰Мемлекет басшысы Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Tao Tao-мен кездесіп, пікір алмасты. Кездесу барысында қонақ қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық тағамдары мен қонақжайлылығына ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1194267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді