
Облыс әкімі Н.М Нәлібаевтың төрағалығымен, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич, Еуро Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерінің қатысуымен Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық ахуалы мен экономиканы әртараптандыруда атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоғары өнімді, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібін құру бағытындағы жұмыстарды таныстырып өтті. Сонымен қатар, су ресурсын тиімді пайдалану, жасыл энергетика агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту бағытына басымдық берілетінін айтты.
Бағдарламаға сәйкес Әлібек Қуантыров елімізге инвестиция тарту, халықаралық ұйымдармен әріптестік байланыстар туралы хабарлама жасады.
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич, Еуропалық Одақтың қызметі, іс-сапардың мақсаты туралы баяндап өтті.
Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы прокуратура тарапынан инвесторлар құқығын қорғау бағытында атқарылудағы жұмыстарға тоқталды.
Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы аймағымыздың инвестициялық әлеуетін таныстырып, іске асырылудағы инвестициялық жобалар, инвестиция қажет ететін басым салаларды баяндады.
«Рока групп» серіктестігінің бас директоры Даниэль Эрнандес санитарлық гигиеналық өнім шығару, «Харвест Агро» компаниясының жоба басшысы Дәулет Увашев жүгері, техникалық қарасора және соя өсіру мен өңдеу жобаларының іске асырылу барысын таныстырып өтті.
Іс шарадан кейін қонақтар Сырдария ауданының Бесарық елді мекеніндегі «Абай Дәулет» шаруашылығының шағын өнеркәсіптік аймағының жұмысымен танысып «Этно ауыл» іс шарасына қатысып, халқымыздың салт-дәстүрімен танысып, жергілікті тауар өндірушілер, қол өнершілер көрмесімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194240?lang=kk

Жауап қалдыру