
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 27 наурыздағы №98/130 бірлескен бұйрығы негізінде ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша облыстың медициналық ұйымдары мен білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің кәсіптік даярлығын арттыру бойынша оқыту семинары Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы конференц-залында өткізілді.
Семинарға медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарының иммунопрофилактикаға қатысы бар мамандары қатысты. Олардың қатарында бейінді мамандар: дәрігер-педиатрлар, терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, учаскелік медбикелер, мектеп дәрігерлері, мектеп медбикелері, егу кабинетінің медбикелері, сондай-ақ дәрігер-инфекционистер, иммунологтар және госпитальдық эпидемиологтар болды.
ШҚО СЭБД аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологиялық бейін мамандары Zoom платформасы арқылы онлайн режимде, сондай-ақ офлайн форматта Өскемен қаласының мамандары қатысты.
Семинар ШҚО СЭБД басшысының орынбасары С. Е. Слямгазинаның кіріспе сөзімен ашылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы (өзгерістер мен толықтыруларымен қоса)» тақырыбында
ШҚО СЭБД ИЖПА ЭББ басшысы А.Ш. Калыкова баяндама жасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1194628?lang=kk

Жауап қалдыру