
Шалқар ауданында «Бала тәрбиесі: отбасы, мектеп және қоғам ықпалы» тақырыбында облыстық ата-аналар форумы өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, бала тәрбиесіндегі әке рөлін арттыруға, мектеп пен қоғамның өзара байланысын дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен отаншылдық сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Форумға 380 ата-ана мен 950 оқушы қатысып, жалпы саны 1330 адамды қамтыды. Іс-шара тәрбие мәселелерін талқылайтын ашық диалог алаңына айналды.
Форум пленарлық отырыс және үш секциялық алаң жұмысы түрінде ұйымдастырылды. Пленарлық бөлімде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігін күшейту мәселелері қарастырылды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева бала дамуының негізінде отбасының рөлі ерекше екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1194122?lang=kk

Жауап қалдыру