Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласы маңында, атап айтқанда «Сұлутөр» аумағының тұрғындарымен «Жаз мезгілінің жақындауына байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «Жер сілкінісі», «Су тасқынының алдын алу» тақырыптарында ескерту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға ТЖ қызметкерлерімен бірге «Интергаз Орталық Азия» қызметкерлері және «Аманат» еріктілер ұйымының өкілдері жұмылдырылды. Мұндай бағыттағы шаралар алдағы уақытта одан әрі жалғасады.
Жауап қалдыру