
Ақсай ауылдық округінде «Таза өлке» акциясы аясында ауқымды тазалық және көгалдандыру жұмыстары өткізілді. Орталық полигон аумағы қоқыстан тазартылып, табиғатты көркейту мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды.
Шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Шералханұлы арнайы қатысып, бастаманы қолдады. Сонымен қатар, «Жуалы-Су» және «Жастар ресурстық орталығы» мекемелерінің қызметкерлері белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы, ал таза орта – жарқын болашақ кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1194377?lang=kk

Жауап қалдыру