
Елді мекендерді абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жданов ауылдық округінде қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.
Құрметті тұрғындар! Сіздерді жұмысшылардың еңбегін құрметтеуге, тазалықты сақтауға, аулаларыңызды уақытылы ретке келтіріп, олардың тазалығын тұрақты түрде қамтамасыз етуге шақырамыз.
Қоршаған ортаның тазалығы — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Құрметпен,
«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
#ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #ҚоршағанОрта

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1194413?lang=kk

Жауап қалдыру