
Жалағаш кентінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар жүргізілуде.
Еске саламыз: заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың
сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемелерінде (кафе, клуб және т.б.) болуына,
сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүруіне жол берілмейді.
Рейд барысында осы талаптар түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Мұндай рейдтік іс-шаралар аудан аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1194548?lang=kk

Жауап қалдыру