
Құрметті тұрғындар!
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.
Денсаулық сақтау – қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуының негізгі факторы. Азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Осыған орай, әрбір азаматты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық шараларды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір және отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.
Құрметпен,
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1195186?lang=kk

Жауап қалдыру