
Түркістан облысы полиция департаментінде “Тергеу органдары қызметкерлерінің” кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға ПД бастығы Арыстанғани Заппаров қатысып, қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген тергеушілерді марапаттады.
Департамент бастығы өз сөзінде тергеушілердің қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.
— Тергеушілер уақытпен санаспай, қылмыстарды ашу, кінәлілерді анықтау және заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Тергеу құрылымының 63 жылдық тарихы – адал қызмет пен кәсібиліктің айқын көрінісі. Осы сала ардагерлері мен қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймын, — деді ол.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлерге арнаулы атақтар мен ведомстволық наградалар табысталды. Атап айтқанда, бір саты жоғары полиция полковнигі арнаулы атағы Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуаныш Құлмырзаевқа берілді. Ал “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі полиция қызметкері Асхат Шындалиевқа табысталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасымен полиция қызметкері Мұхит Сүлеймен, Алғыс хатымен Қуаныш Ермекбаев марапатталды.
Ал “Үздік тергеу ұжымы” номинациясын Келес аудандық полиция бөлімі, “Үздік тергеу басшысы” номинациясын полиция майоры Самат Бейсенбаев, “Үздік тергеуші” атағын Ақиқат Қасымов иеленді. Ішкі істер органдарының ардагерлеріне, сондай-ақ тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің ата-аналарына құқық қорғаушыларды лайықты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Шара соңында марапатталған қызметкерлер көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, ел тыныштығы мен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1195557?lang=kk

Жауап қалдыру