Ағымдағы жылдың 30 наурызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихаттың кезекті 43 сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 наурызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихаттың кезекті 43 сессиясы өтті.

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

«2026-2028 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының             2025 жылғы 23 желтоқсандағы №41-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупованың баяндамасы тыңдалды.

Сессия барысында депутаттар аудандық және ауылдық округтер бюджеттеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Осы мәселе аясында әлеуметтік сала, инфрақұрылым және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шығыстарға ерекше назар аударылды. Жекелеген жобалардың тиімділігі мен қаржының мақсатты жұмсалуы бойынша нақтылау сұралды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы да талқыланды.

Күн тәртібіне қойылған мәселе толықтай талқыланып, тиісті шешім қабылданды.

Сессия жұмысынан кейін Жылыой аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

  1. Жылыой ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы (Баяндамашы: Жылыой аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Д. Берденов)
  2. «Аудандық салық басқармасының жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту бойынша 2025 жылға атқарған жұмысы туралы» (Баяндамашы: Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Құрманова)
  3. «Майкөмген ауылдық округі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» (Баяндамашы: Майкөмген ауылдық округі әкімі Н.Сауытов)
  4. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» (Баяндамашы: аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Мирамбаев)
  5. «Кең Жылыой» мәдениет үйінің 2024-2025жылдардағы қызметінің қорытындылары мен қаржылық есебі және іссапар шығындары туралы» (Баяндамашы: «Кең Жылыой» мәдениет үйінің басшысы Ә.Темірханов)

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар тарапынан бірқатар ортақ әрі өзекті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

 

Атап айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстарды жүйелі жүргізіп, қауіпті аймақтардағы бақылауды күшейту, алдын алу шараларын нақты жоспарлау және материалдық-техникалық дайындықты арттыру қажеттігі, жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту мәселесінде салық базасын кеңейту, берешектерді өндіру жұмыстарын жандандыру және әрбір кіріс көзін тиімді пайдалану бойынша нақты шараларды күшейту ұсынылды.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауылдық жерлерде кәсіп ашуға қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық беру қажеттігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында халық үшін қолжетімді бағаны қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.

 

Сонымен қатар, мәдениет саласына қатысты қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету, іс-шаралардың сапасын арттыру және тұрғындардың мәдени өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау қажеттігі де назардан тыс қалмады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1195285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді