
Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Д.Сулейменовамен МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЖАДЫНАМАСЫ түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілері үшін қызметтік әдеп пен тәртіп талаптары әрдайым жоғары деңгейде сақталуы тиіс. Әсіресе, қызметтік іссапарлар мен тұрақты орналасқан жерден тыс сапарлар кезінде бұл талаптардың маңызы арта түседі.
Іссапар – мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін орындау мақсатында белгілі бір мерзімге басқа жерге жіберілуі. Мұндай жағдайда қызметкер өзінің кәсіби міндеттерін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің беделін де бірге алып жүреді. Сондықтан ол кез келген жағдайда Этикалық кодекс талаптарын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң ұстануға міндетті.
Іссапардағы мемлекеттік қызметші өзінің мінез-құлқы мен сыртқы келбеті арқылы үлгі болуы қажет. Қаржылық тәртіп те ерекше назарда болуы тиіс: барлық шығындар тек бөлінген қаражат есебінен өтеледі. Сыйлықтар қабылдауға, жеке тұлғалар тарапынан ұсынылатын материалдық игіліктерге келісуге, сондай-ақ көңіл көтеру іс-шараларына қатысуға жол берілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1195651?lang=kk

Жауап қалдыру