Алматыда жол жағдайына бақылау тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Стоп – бұзушылық” жедел-профилактикалық іс-шарасы кең ауқымда өткізіліп жатыр.

     Қаладағы жол жағдайына бақылау тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Соңғы күндері өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында қосымша шаралар қабылданды.

     Алты күн ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 11 мыңнан астам дерегін анықтады. 96 жүргізуші көлік басқару құқығынсыз ұсталды, 14 жүргізуші бұрын жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған, сондай-ақ 50 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған.

— Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігі. Қала тұрғындарының басым бөлігі жол қозғалысы қағидаларын сақтап, өзара құрмет танытады. Дегенмен, адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін өрескел әрі саналы құқық бұзушылықтар да тіркелуде. Мұндай әрекеттерге қатысты қағидатты шаралар қабылданады. Тек заңға және бір-бірімізге деген құрмет арқылы ғана Алматы жолдарындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

     Сонымен қатар жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланудың 16 дерегі және қарсы бағытқа шығудың 41 фактісі анықталды. Бұл — жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қауіп төндіретін ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі.

     Жүргізілген жұмыстар аясында арнайы айып тұрағына 4 мыңнан астам көлік құралы қойылды, оның ішінде қозғалысқа кедергі келтірген 3,5 мыңға жуық электр самокат бар.

     Электр самокат пайдаланушыларға да ерекше назар аударылды: 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 65 ата-ана кәмелетке толмағандарға жолда басқаруға мүмкіндік бергені үшін жауапқа тартылды.

     Сонымен қатар жүк көлігі жүргізушілері тарапынан 548 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 35 жағдайда мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын немесе жалған болған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1195734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді