Алматыға қызығушылық артып келеді: туристер саны 2,5 млн-ға жуықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып, туристер ағынының тұрақты өсімін көрсетіп келеді.

2025 жылы қалаға 2 487 889 турист келді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға көп (2 340 314 турист). Оның ішінде 754 мыңын шетелдік туристер құрап, олардың саны 9,9%-ға артты, ал 1,7 млн – ішкі туристер, өсім 4,8%-ды көрсетті.

Туристер санының артуы бағытқа деген қызығушылықтың және оның экономикалық маңыздылығының күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Mastercard Tourism Insights деректеріне сәйкес, Алматыда шетелдік туристердің шығындары 40%-ға өсіп, сапарларға деген қызығушылық 73%-ға артқан.

Қаланың халықаралық деңгейдегі тартымдылығы да артып келеді. Алматы CNN Travel нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне еніп, Орталық Азиядағы «Capital of Cool» ретінде аталды. Сонымен қатар Bloomberg нұсқасы бойынша 2026 жылы баруға ұсынылған үздік 25 бағыттың қатарына кірді.

Алматы тау кластерін дамыту, іскерлік және оқиғалық туризмді ілгерілету, сондай-ақ қаланың халықаралық деңгейдегі имиджін нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism/press/news/details/1195697?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді