Алматылық гимнасттар Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматылық спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Каирде (Мысыр) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының төртінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Асан Сәлімов тірекпен секіру жаттығуында финалда жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдегер атанды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс медаль жеңіп алса, Нариман Құрбановқа қола жүлде бұйырды.

Халықаралық додаға әлемнің 30-дан астам елінен 70-ке жуық спортшы қатысқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1195538?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді