
Уп
Ақтоғай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2025 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастағанын хабарлайды.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру (тіркеу және тексерулер жүргізу, соның ішінде Қарағанды облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасы тексерулерді тіркеуден бас тарту бойынша) және т.б.;
2) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдардың орындалуын бақылау;
3) әкімшілік практиканы жүзеге асыру, соның ішінде жеке, лауазымдық немесе заңды тұлғалардың кінәлі екендігін анықтаудың заңдылығы;
4) талап-шағымдық және сот ісін жүргізу жұмысын жүзеге асыру, соның ішінде Басқарманың пайдасына шығарылмаған шешімдер бойынша;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету, соның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімін және тәртібін бұзу, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, соның ішінде артықшылық беру фактілерін анықтау, мерзімдерді бұзу және т.б.;
7) еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру;
8) Басқарманың ұйымдық-басқару қызметі;
9) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік немесе басқа төленетін қызметпен айналысуы, соның ішінде Басқарманың барлық қызметкерлерінің кіріс туралы декларацияларын уақтылы тапсыруы;
10) мүдделердің қақтығысын реттеу;
11) мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу саласында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1195578?lang=kk

Жауап қалдыру