Ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «Мемлекеттік қызмет апталығы» аясында ветеринария басқармасы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Басқармаға №24 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары таныстыру экскурсиясымен келді.

Кездесу барысында басқарма қызметкерлері түлектерге ведомствоның негізгі міндеттері мен функциялары туралы, сондай-ақ ведомствоға қарасты аудандық ветеринариялық станциялардың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып берді.

Қызығушылық танытқан оқушылармен «Ветеринария» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, осы салада мамандар даярлайтын оқу орындары туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларға үй жануарларын есепке алу және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қызметіне лицензия беру мәселелері бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

Кездесу барысында барлық қойылған сұрақтарға түсіндірме беріліп, түлектер алдағы уақытта ашық есік күндері аясында осындай кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-veterinary/press/news/details/1195653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді