АШЫҚ ҚАБЫЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
✅Халық үнінен құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық диалог форматында өткен кездесуде аудан басшысы әрбір азаматтың өтінішіне мұқият назар аударып, көтерілген мәселелердің мән-жайын жан-жақты зерделеді.
 
↪️Қабылдауға келген тұрғындар ауыз су жүйесін жақсарту, көшелерге асфальт жол төсеу, сондай-ақ жаңа мектеп құрылысын жүргізу қажеттігі секілді өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіне тұру, апатты тұрғын үйлердің құжаттарын реттеу барысында туындаған сұрақтар да ортаға салынды.
 
📍Әрбір өтініш бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны айтылды. Мұндай қабылдаулар билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың талап-тілектерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1195846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді