
7 сәуірде аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс үшінші сессиясы өтті. Оны Қордай ауданы мәслихатының төрағасы Садыков Нурдин Есенгелдіұлы жүргізді. Депутаттардан басқа сессияға аудан әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Депутаттар «Қордай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеті туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №56-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін қарады.
Егжей-тегжейлі баяндаманы аудандық әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Жамалбайқызы Абдужалиева ұсынды.
Мәселені жан-жақты талқылап, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1195749?lang=kk

Жауап қалдыру