Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Мұхаметқалиевтің жүргізуімен кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан Сәбит Дүкенбаев, қоғамдық кеңес төрағас Рауан Қалиев қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жол құрылысы, жер телімі, газдандыру, құжаттама, көше жарығы және қаланың инфрақұрылымына қатысты өзге де сауалдар қойылып, оған заң аясында жауап берілді.

Қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау әр аптаның сейсенбісі күні 9:00-12:00 аралығында жүргізіледі. Қабылдауға 87172607770 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1195429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді