Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 наурызда Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері үшін Вознесенск кафедралды соборына арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Шара барысында собор кілтшісі Александр Суворов арнайы экскурсия жүргізіп, қатысушыларды 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан тарихи нысанның бай тарихымен және бірегей сәулеттік ерекшеліктерімен таныстырды. Аталмыш ғимарат тек құлшылық орны ғана емес, еліміздің аса маңызды тарихи әрі мәдени мұраларының бірі болып саналады.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, сондай-ақ католиктік, елуіншілік, лютерандық, кришнаиттік және өзге де конфессиялардың өкілдері қатысты. Түрлі дін өкілдерінің басын қосқан бұл басқосу қоғамдағы дінаралық татулық пен өзара түсіністіктің айқын көрінісі болды.

Танымдық серуен мен естелік суретке түсу рәсімінен кейін қатысушылар ортақ дастарқан басындағы достық түскі асқа жиналды. Жылы шырайлы кездесу барысында қоғамдағы бейбітшілік, келісім және өзара құрметтің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Оған қоса, жиналған қауым бір-бірін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-din/press/news/details/1195307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді