Елордада Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Алтынын жырдың ақтардым» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шара халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Кешке ақындар, ұстаздар, халық өнерін қадірлейтін қауым, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеш барысында ақын шығармалары заманауи әуенмен орындалып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар Сәттіғұл Жаңғабылұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын, қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесін және рухани құндылықтарды сақтаудағы орнын талқылады. Ақын шығармашылығы елдің мәдени мұрасында айрықша орын алатыны атап өтілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1195872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді