
Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні М.Әуезов атындағы мектептің 8-сынып оқушыларымен этносаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында мазмұнды сауалнама жұмысы ұйымдастырылды.
Сауалнама жүргізу барысында оқушылардың өзара түсіністік, сыйластық, құрмет және достық туралы ой-пікірлері жан-жақты тыңдалып, олардың көзқарастары талқыланды. Әрбір оқушы өз ойын ашық білдіріп, түрлі мысалдар арқылы бірлік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті.
Аталған іс-шара жасөспірімдердің бойында әртүрлі этнос өкілдеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді бағалай білуге бағытталды. Сонымен қатар, оқушылардың азаматтық көзқарасын дамытуға және олардың бейбітшілік пен ынтымақтастықты жоғары бағалайтын тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1195210?lang=kk

Жауап қалдыру