
Құрметті Күрті ауылдық округінің тұрғындары!
Құрметті жиынға қатысушылар!
2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша
Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Бүгінгі күні аудан тұрғындарының саны 241 мың адамға жетті.
Бұл ретте, тұрғындарды жұмыспен қамту үшін ауданға инвестиция тарту маңызды.
Аталған бағытта ауданда бірқатар ірі жобалар іске асырылуда.
2026–2027 жылдарға 2,5 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, құны 235,4 млрд.теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның 17 ірі жоба ретінде танылған.
2026 жылы 16 жоба жұмысын аяқтап ашылады деген жоспар бар, олардың жалпы құны 151 млрд.теңге, жұмыс орны 1600 ден асады.
Анықтама үшін: «BTK GROUP»-сендвич панеллер өндірістік компанияның құрылысы, «САЯГРУПП» – қойма құрылысы, «DSF TRADING CO» -қойма құрылысы, «CARLSBERG KAZAKHSTAN»- алкагольсіз сусындар зауытының құрылысы, «СТАРК АЛЬФА» – қойма құрылысы, «СТК SOKOL»- Сокол автодром құрылысы, «ТОО АЛМАТЫ ГАЗАБЛОК» – газоблок зауытының құрылысы, «FORES»- қоймаларды құрылысы және өндірістік қуаттарды кеңейту, «БАЗАРКУЛОВ» – сауда үйі, «БАЗАРКУЛОВ» – балалар спорт комплексі, «ААA INDUSTRIAL GROUP»- промбаза, «Сланова Бахыт Оразгалиевна» – көпфункционалды комплекс, «Васильев Сергей» – көпфункционалды комплекс, «Тілек»- қонақ үй құрылысы, «КОНСТАНТИНОВ ЭФ» (ТОО ЭТАЛОН)- әлеуметтік-экономикалық объектілер құрылысы, «Ыстык ұя»- стрич пакет зауытының құрылысы.
Сонымен қатар, аймақтық үлестіру кеңесінде 3 ірі жоба оң шешім алды,олар: «ТиДжи Петропавловск» өндірістік-логистикалық кешені (7 млрд.теңге 150 жаңа жұмыс орны, Байсерке ауылы); «Алель Агро» құс қалдықтарынан жемдік қоспаларды өңдеу зауыты (715 млн.теңге, 28 жаңа жұмыс орны, Қараой ауылы); «ЛюксГрандПарк» сүт өндіру фермасы; (650 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны, А.Тоқпанов ауылы).
Жобалардың жалпы құны 8 млрд. 365 млн. теңге,
300 – ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Құрылыс жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың
2 тоқсанында жоспарланған.
Ауыл шаруашылығына келсек, 2026 жылы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 914 млн. теңгеге 65 жоба іске асыру жоспарлануда.
Анықтама үшін: Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға – 190,3 млн. теңгеге, мал шаруашылығына – 318,99 млн. теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 276,8 млн.теңге, өзге жеке кәсіпкерлікке – 127,91 млн теңге.
Қазіргі уақытта 43 жоба 436,0 млн.теңгеге «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қарауға жолданып, қаржыландыру күтілуде.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Кең Дала» бағдарламасы аясында да қаржыландыру қарастырылған. Аудан бойынша 2 шаруа қожалықтары, «Даке-ком» және «Асылым-ай» кәсіпкерлері 436,4 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, егін шаруашылығын дамытуда.
Аталған бағдарламалар ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондықтан, округ тұрғындары, шаруа қожалықтары, сіздерді осы бағдарламаларда белсенділік танытуға шақырамын.
Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу өзекті мәселе болып табылады (жоспар 5492 га, орындалуы – 3000 га).
Аудан бойынша су үнемдеу технологияларымен айналысатын компаниялармен 3 000 гектарға «Даулет бекет» (2500 га) және «Даке-ком» (500 га) шаруа қожалықтарымен келісім-шарттар жасалды.
Шаруа қожалықтарында су үнемдеу технологияларын пайдалану қазіргі уақыттың талабы.
Білім беру саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – үш ауысымды мектептер болып табылады.
Бүгінгі күнге «Жайлы мектеп» жобасы аясында Н.Тілендиев ауылындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Жақын арада мектеп қолданысқа беріледі.
Анықтама үшін: аудан бойынша барлығы 43 мемлекеттік, 15 жеке меншік мектептері бар, оның ішінде 18 үш ауысымды мектептер.
Біздің тарапымыздан үш ауысымды мектептерді жою мақсатында ауданның 10 ірі елді мекендерінде жаңа мектеп құрылысына жер учаскелері қарастырылған.
Қазіргі уақытта Өтеген батыр (1200 орындық), Асқар Тоқпанов (1200 орын), Байсерке (900 орындық), Жайнақ (900 орындық) және Екпінді («Сокол» саяжайында) ауылдарында (900 орындық
мектептердің жобалары дайындалуда, 2026-2027 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жеке инвесторлар, мектеп түлектерінің қолдауымен Аскар Токпанов ауылының №6 орта мектебі аумағында заманауи спорттық нысан, яғни спорт алаңының құрылысы жоспарлануда.
Анықтама үшін: Ғимараттың жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайды. Жоба аясында жеке қазандық, киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ бокс, футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлеріне арналған арнайы залдар қарастырылған.
Жобаның болжамды құны шамамен 400 млн. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта рұқсат құжаттары рәсімделуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айында бастап, қыркүйек айында қолданысқа беріледі.
Слайд – 7.
Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылындағы №38, Ақсай ауылындағы №16 және Әли ауылындағы № 22 орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалы-сметалық құжаттама әзірленуде.
Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылы №24 лицейдің спортзалында, Байсерке ауылы №28 мектеп гимназиясының және Боралдай кенті №39 гимназия кәріз жүйесіне, Көкқайнар ауылы №29, Қосөзен ауылы №50 Байсерке ауылы №12 орта мектептердің жылу жүйелеріне, Боралдай кенті №23 орта мектеп алаңында көркейтуге, М.Түймебаев ауылының №20, Көктерек ауылы №21 орта мектептерінің сыртқы спорт алаңдарына, Байсерке ауылы «Ақбота» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер басты назарда. Биылғы жылы жалпы құны
517 млн.теңгеге Ащыбұлақ ауылдық округінде Көкқайнар ауылында және Береке саяжайында 40 келушілерге арналған 2 дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.
Оған қоса, 2026 жылы Қараой және Байсерке ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысына жер телімдері мен жобалық құжаттамалары әзірленген. Биыл құрылыстар жұмыстары басталатын болады.
Мәдениет және спорт саласында, бәрімізге белгілі, былтыр аудан орталығы Өтеген батыр ауылында композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерей тойына орай 400 орындық мәдениет үйі ашылды.
Ендігі кезекте, Боралдай кентіндегі 280 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 2 тоқсанда аяқталатын болады.
Қосымша Асқар Тоқпанов ауылында 280 орындық мәдениет үйін салуға 35,7 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасалуда.
Сонымен қатар, М.Түймебаев ауылында спорттық сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары 2027 жылға жоспарлануда.
Тағы бір айтып кететін жайт, Өтеген батыр ауылында жеке кәсіпкердің есебінен округ тұрғындарына спортпен шұғылдануға «Өтеген батыр Арена» спорт кешені ашылды.
Сондай – ақ, биыл Өтеген батыр ауылында халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жапсаржай салу және қайта қалпына келтіруге жобалы сметалық құжаттама әзірленді. Облыстан қаражаттың бөлінуін күтудеміз.
Аудан тұрғындарымен жиі көтерілетін мәселелері қатарында баспанамен қамту да бар. Бүгінде жалпы 5742 адам үй кезегінде тұр. (Оның ішінде: 770 адам – жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 672 адам – мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 2195 адам – көпбалалы отбасылар, 2105 адам – әлеуметтік осал топтағы адамдар).
Биыл әлеуметтік осал топтарға 36 үйді сатып алуға Республика бюджетінен 783 млн. теңге бөлінді.
Тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде 70 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 144 кредиттік тұрғын үй және 94 арендалық тұрғын үй берілді.
Соның ішінде, «Galamat» тұрғын үй кешенінде барлығы 174 пәтер қарастырылған, бүгінгі күні оның 120 пәтері тұрғындарға табысталды. Қалған пәтерлерді «Отбасы банк» арқылы үлестіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.
Жыл соңына дейін бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, аудан тұрғындарына қосымша 311 арендалық және 25 кредиттік тұрғын үй беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылында 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталып, қолданысқа беріледі. Аталған үй «Отбасы банк» арқылы берілетін болады.
Сондай-ақ, Өтеген батыр ауылы Қолдасов көшесі №7, 9,11 көппәтерлі тұрғын үйлерді тозығы жетуіне байланысты Алматы облысының реновация бағдарламасы аясында жаңғырту жоспарлануда. Бұл мақсатта 660 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге құрылыс компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Тағы айтып кететін жайт, Өтеген батыр ауылы («Зергер», «Тумар») мен Боралдай кентінде («Галамат») жеке инвесторлардың қаражаты есебінен бірқатар жеке тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша:
Іле ауданында 22 елді мекен бар, олардың 21-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бір елді мекен (Күрті ауылы, халық саны – 153 адам) тасымалды сумен қамтамасыз етіледі.
Ауыз сумен қамтамасыз ету:
Іле ауданында 22 елді мекен бар, олардың барлығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Күрті ауылына орталықтандырылған су құбырлары жүргізілді. Алайда Бозой топтық су құбырындағы ақауға байланысты бүгінгі күні Күрті ауылына су берілген жоқ.
2026 жылы Боралдай, Байсерке елді мекендерінде және Жомарт саяжайында су құбырларының құрылысын аяқтауға 1 млрд. 706 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған жобалар бойынша
79,7 шақырым су құбыры салынып, 8 су ұңғымасы бұрғылануда.
(Боралдай (39,3 км), Байсерке (21,7 км), «Жомарт» саяжайы (18,7 км).
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қараой ауылында қосымша су ұңғымасын қазуға және су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 79,0 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу жарияланды. Конкурс нәтижесіне сәйкес жұмыстар сәуір айында басталатын болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жалпы сомасы 9,4 млрд. теңге болатын 4 жобалық-сметалық құжаттама бар (177,5 км), оларды қаржыландыру қажет:
- Өтеген батыр ауылы Гүлдер ықшамауданында су құбыры желілерінің құрылысы — 2024 ж. 15 қаңтардағы №GEXP-0001/24 мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 258 млн теңге (4,7 км).
- Іле ауданы Бозой су құбырын қайта жаңарту және салу — 2024 ж. 1 тамыздағы №KazE-0489/24 мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 7,0 млрд теңге (144 км).
- Іле ауданы Көкқайнар ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы — 2024 ж. 19 тамыздағы №18-0239/24 мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 1,4 млрд теңге (22 км).
- Іле ауданы Покровка кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу — 2024 ж. 4 қазандағы №ESKZ-0148/24 мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 706,6 млн теңге (6,8 км).
Бүгінгі күні облыстық энергетика басқармасына барлық жобалар бойынша бюджеттік өтінімдер жолданған, қаржы бөлінген жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.
Кәріз жүйелері бойынша:
Іле ауданында 22 елді мекеннің 6-ы орталықтандырылған сарқынды сулар жүйесімен қамтамасыз етілген (Өтеген батыр, Көктерек, Байкент, Ақсай, Жауғашты және Боралдай ауылдары).
Канализация желілерінің жалпы ұзындығы 102,1 км (Өтеген батыр а.о. – 47 км, Байсерке а.о. – 3,2 км, Байкент а.о. – 9,0 км, Ақсай а.о. – 8,0 км және Боралдай кенті – 34,9 км).
2025 жылы Байсерке ауылында және Боралдай кентінде (2-кезең) ұзындығы 12,1 км кәріз желілерін салу жұмыстары жүргізілді. Жобалардың жалпы құны – 924,3 млн теңге (Байсерке – 417,5 млн теңге, Боралдай – 506,8 млн теңге). Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып нысандар пайдалануға берілді.
2026 жылы Өтеген батыр ауылы Гагарин және Терешкова көшелерінде кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 65 млн.теңге бөлініп
1,2 шақырым кәріз жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады.
Электрмен жабдықтау бойынша:
Ауданда 542 трансформаторлық қосалқы станция бар:
- Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы: 1286,2 км
- 6/10 кВ әуе желілері – 577,7 км
- 0,4 кВ әуе желілері – 708,5 км
2025 жылы Боралдай кентінің Жайнақ ықшам ауданында және Өтеген батыр ауылының Қуат ықшам ауданы мен Қарасу ауылында электр желілері құрылысын аяқтауға 615,9 млн теңге бөлінді (Боралдай – 304,7 млн теңге, Қарасу және Қуат – 311,2 млн теңге).
Боралдай кенті Жайнақ шағын ауданында
15,1 шақырым электр желілері жүргізіліп, 4 қосалқы трансформатор орнатылып 1-тарату пункті қалпына келтірілді.
Қарасу ауылы мен Қуат шағын ауданында
19,1 шақырым электр желілері жүргізіліп 10 қосалқы трансформатор орнатылды.
Бүгінгі күнге, Ақши, Қосозен, Асқар Тоқпанов және Жайнақ ауылдарын электр желілерін салу жобалары сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Байсерке ауылындағы электр желілерін реконструкциялау бойынша жобалау жұмыстары жалғасуда.
1.Іле ауданы Ақши ауылында сыртқы жарықтандыру құрылғысы бар электрмен жабдықтау желілерін салу – ГЭ 30.12.2025 ж. № PELTD-0176/25) -1,059 млрд.тг. (7 ТП, 43,6 км, 690 светильник)
- Іле ауданы Асқар Токпанов және Жайнақ ауылдарында сыртқы жарықтандыру құрылғысы бар электрмен жабдықтау желілерін салу – ГЭ № СП-0013/25 от 17.12.2025 г. – 922,6 млн.тг. (12 ТП, 39,6 км, 541 светильник)
- Іле ауданы Қосозен ауылында сыртқы жарықтандыру құрылғысы бар электрмен жабдықтау желілерін салу – ГЭ 11.02.2026ж. № SAQ-0011/26) -413 млн.тг. (3 ТП, 13,4 км, 355 светильник)
Аталған жобаларға қаражат қарастыру үшін облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінімдер жолданды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың ақпан айында «Алатау жарық компаниясы» акционерлік қоғамына 608,1 шақырым электр желілері, 210 қосалқы трансформаторлық құрылғылар және 7 жоғары кернеулі электр тарату пункті сенімгерлік басқаруға берілді.
Бүгінгі күні «Алатау жарық компаниясы» тарапынан Алматы облысы бойынша «Негізгі жабдықтарды ауыстыру бойынша кешенді жұмыстар» және «Өтеген батыр ауылының электр желілерін реконструкциялау» жобалары аясында Өтеген батыр ауылы Арман ықшамауданы, Байсерке, Байкент, Қараой, Қосөзен, Жайнақ, Көкқайнар, Ақсай ауылдары мен Боралдай кентінде әуе электр желілерін салу және қайта жаңарту, 10 кВ кабель желілерін тарту, желілерді трансформаторлық қосалқы станцияларға қосу және жаңғырту, сондай-ақ ескірген электр техникалық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Бүгінгі күнге Ащыбұлақ ауылдық округінде жұмыстар басталды.
Шатырларды жөндеу бойынша:
Ауданның 10 көп қабатты үйдің шатырына (Өтеген батыр – 3, Байсерке – 2, Байкент – 2, Жауғашты – 1, Боралдай кенті – 2) жөндеу жұмыстарын жүргізуге 131 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күнге Байсерке мен Байкент ауылдарында шатырларды жөндеу жұмыстар басталды.
Көше жарықтандыру:
Іле ауданында сыртқы жарықтандыру желілерінің ұзындығы 333,8 шақырымды құрайды, бұл 9598-ден астам жарық нүктесіне сәйкес келеді.
2025 жылы Боралдай кентінің Жайнақ ықшам ауданында электрмен жабдықтау желілерін салу жобасы аясында 15,1 шақырым көше жарықтандыру желілерін
(469 шам) салу жұмыстары Қарасу ауылында және Қуат ықшамауданында ұзындығы 19,1 шақырым болатын
(705 шам) көше жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді.
Байсерке ауылында Нұрлы жол, Керейхан, Катаева, Кенжегулов, Мусрепов, Көктерек ауылында Римова көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Асқар Тоқпанов ауылында Мамедов, Тоқтаров, Момышұлы, Рысқұлбеков және Алдабергенов көшелері жарықтандыру бойынша конкурс жарияланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Байсерке, Ақсай, Өтеген батыр, Қараой, Байкент және Асқар Тоқпанов ауылдық округтерінде 146,3 млн. теңгеге балалар, спорт алаңдары мен воркаут салынатын болады.
Ауданымыздың тағы бір өзекті мәселесі жолдардың жағдайы болып табылады. 2026 жылға
59,7 шақырым 88 ауыл көше жолдарын жөндеуге
2,3 млрд.теңге қарастырылды.
Анықтама үшін: 626 шақырымның жақсы жағдайдағы көше жолдары 337,7 шақырым (54%), қанағаттанарлық жағдайда 191,6 шақырым (30%), қанағаттанарлықсыз 97,1 шақырым (16%).
Қазіргі уақытта М.Түймебаев (8 көше), Төле би (5 көше), Көкқайнар (8 көше), Жапек батыр (1 көше) және Байсерке ауылдарының (13 көше) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, аудан бойынша жолдары жазғы күтіп ұстау, жол белгілерін орнату, марштруттық тәсілмен жөндеуге 482 млн. теңге қарастырылған.
Аталған жұмыстар бойынша конкурстік рәсімдер жүргізілуде.
Қоғамдық көлік мәселесі де ескерілді.
Бүгінде аудан аумағында жолаушылар тасымалымен 22 бағытта маршрут ұйымдастырылған (17 – Алматы қаласына, 5 – облысқа қарасты).
2026 жылдың соңына дейін Алматы қаласының мобильдік басқармасымен ауданның елді мекендерін қаламен байланыстыру мақсатында қосымша 6 қосымша автобус маршруттарын ашу жұмыстары жүргізілуде.
- Төле би – Жапек батыр – Сәлем базары;
- Қосөзен – Байсерке – Алтай базары;
- Шабыт ы/а – Ақсай – 1 темір жол вокзалы;
4.Н.Тілендиев – Барлық базары;
5.Береке саяжайы – 1 темір жол вокзалы;
6.Арман – Жетісу базары
Есепті кезенде аудан тұрғындарынан тарапынан наразылық туындатып отырған 301, 303, 305 (Ақсай, Қосөзен, Төле би) маршруттарына Алматы қаласынан алынған 14 автобус қолданысқа берілді. Автобустарды жаңарту жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады.
Сондай-ақ, биыл Өтеген батыр ауылындағы «Жетісу» темір жол вокзалын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тартылған инвестиция көлемі 500 млн. теңгені құрады. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталатын болады. Осы темір жол аудан тұрғындарын Алматы қаласы мен Жетісу өңірі арасында қатынауға мүмкіндік береді.
Саяжай кооперативтеріне елді мекен статусын беру бойынша
Соңғы жылдары саяжай коопертивтерінде тұрақты тұратын тұрғындардың саны едәуір артты.
Осыған байланысты Көкқайнар (25 саяжай), Жәпек батыр (14 саяжай), Асқар Тоқпанов (18 саяжай) және Жайнақ (5 саяжай) ауылдарының бас жоспарлары бекітіліп, олардың шекарасына 61 саяжай тұтыну кооперативі енгізілді.
Бұл шешім саяжай алқаптарында тұратын азаматтарға елді мекен тұрғындары ретінде мемлекеттік қызметтер алуға, тіркеуге тұруға, коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2026 жылы Түймебаев (5 саяжай) және Қосөзен
(12 саяжай) ауылының шекарасына бірқатар саяжай кооперативтерін енгізу жоспарланып отыр.
Ақсай және Байсерке ауылдарында сібір жарасы көмілген орындардың бар екендігін жоққа шығаруына байланысты, аталған елді мекендердің бас жоспарлардың мемлекеттік сараптамадан өтуі уақытша тоқтатылды.
Қалған елді мекендердің бас жоспарлары мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша 3 айда жалпы 366 қылмыс тіркелді. Қылмыстардың ашылуы 63,1 пайыздан
78 пайызға артқан.
Ендігі кезекте қысқаша Күрті ауылдық округіне тоқталып өтсем.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Күрті ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар жоспарланған болатын.
Көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз етуге (электрэнергия және техникалық қызмет көрсетуге)
13 млн. теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, санитарлық тазалыққа 4 млн. теңге, стихиялық қоқыс орындарын жоюға 4,5 млн. теңге,
ауылдық округтің автомобиль жолдарын күтіп ұстауға
4,7 млн. теңге, Ақши ауылындағы Аубакиров, Айбергенов, Мұратбаев және атауы жоқ көшелердегі жолдарды орташа жөндеуге 40,0 млн. теңге қарастырылған.
Аймақты жөндеу/жайластыру жұмыстары аясында Ақши ауылының К.Қасымұлы көшесінің бойына кешенді (балалар алаңы, футбол алаңы, волейбол алаңы, сквер, воркаут) орнату жоспарланып, жоба құны 40,0 млн. теңгені құрайды.
Жалпы жоспарланған жұмыстар ауылдың инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы мәселелер осы, бірқатар сұрақтар шешілгенімен, орындалуы тиіс жұмыстар әлі де көп. Оларды жүзеге асыру үшін бірлесе отырып жұмыс істеуіміз қажет.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/1195195?lang=kk

Жауап қалдыру