
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде салық түсімдерін бөлу тәртібі жаңартылды.
Аталған өзгерістерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы (КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС) енді бюджет жүйесінің төменгі деңгейлеріне бағытталады.
Атап айтқанда, бұл түсімдер:
3-деңгейлі бюджеттерге (аудандар және облыстық маңызы бар қалалар)
4-деңгейлі бюджеттерге (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер)
есептелетін болады.
Бұл өз кезегінде өңірлердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтіп, жергілікті деңгейде инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамытуға оң әсерін тигізеді.
Бюджетке төлемдерді есептеу тәртібі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес,
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша төлемдер:
105310 БКК бойынша бюджетке есептеледі.
Салық төлеушілердің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 788 және 789-баптарына сәйкес:
Салық декларациясын ұсыну
— салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей
Салық төлеу
— салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей
Сонымен қатар, Салық кодексінің талаптарына сәйкес салық төлеушінің орналасқан жері ретінде оның Қазақстан Республикасында тіркелген, тұрақты жұмыс істейтін басқару органының мекенжайы танылады.
.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1195819?lang=kk

Жауап қалдыру