Кезектен тыс ХL сессия өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 7 сәуірінде Шал ақын ауданының мәслихатында кезектен тыс ХL сессия өтті.

Сессияда депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізуді егжей-тегжейлі қарастырды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. М. Сәдуақасова әзірленген шешімнің жобасы әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдар мен жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар үшін табыстарын ескермей, әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыруды айқындай отырып, Қағидалардың 10, 11-тармақтарына өзгерістер енгізуді, Қағидалардың 12-тармағы бойынша әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін біріктіруді көздейтінін атап өтті–.

Депутаттар келесі мәселемен Шал ақын ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізуді бекітті.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalakyn/press/news/details/1195745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді